Журнал туралы ереже

Журнал туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер
  2.  

1.1. Осы Ережеде "Қазақстан өндіріс көлігі" ғылыми мерзімді журналының (бұдан әрі – Журнал) құқықтық жағдайы, қызметінің мақсаты, өкілеттігі, қызметті басқару тәртібі, қызметін тоқтата тұрудың және тоқтатудың негіздері мен тәртібі айқындалады.

1.2. Журналдың құрылтайшысы және баспагері – "Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті".

ҚР Баспасөз министрлігінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында тіркеу туралы 03.07.2004 ж. № 5181-Ж куәлігі, 28.09.2016 ж. № 16163-Ж қайта тіркеу куәлігі, 28.07.2023 ж. № KZ27VPY00074254 мерзімді баспа басылымын қайта есепке қою туралы куәлігі.

1.2. Журнал әлемдік мерзімді басылымдарды тіркеудің Халықаралық орталығында тіркелген, ISSN № 1814-5787 баспа нұсқасының индексі бар. Журналдың әрбір нөмірі ҚР Кітап палатасына оны кітапханалар, ғылыми және ақпараттық мекемелер арасында бөлу үшін, сондай-ақ оны рефераттау және қазақстандық реферативтік журналдар мен басылымдарға енгізу үшін жіберіледі. "Қазпошта" АҚ агенттігінің каталогындағы жазылу индексі - 75605.

1.3. Журналда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің, Қазақстан Республикасының және Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің, жоғары оқу орындарының ғалымдары, шетелдік ғалымдар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары орындайтын(орындаған) эксперименттік әзірлемелердің нәтижелері, сондай-ақ ғылыми-ақпараттық материалдар және т. б. жарияланады.

Жарияланымға ұсынылған материалдар әр түрлі сипатта болуы мүмкін: проблемалық теориялық сұрақтар қоюдан, жаңа ғылыми бағыттарды әзірлеуден бастап талдау мен нақты ғылыми зерттеулерге дейін.

1.4. Журнал жылына 6 нөмір кезеңділігімен баспа нысанында шығарылады. Журналдың арнайы мерзімді емес нұсқалары да шығарылуы мүмкін.

1.5. Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің "Қазақстан өндіріс көлігі" ғылыми журналының жариялау этикасы саласындағы саясаты ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі комитеттің (The Committee on Publication Ethics –COPE) ұсынымдары мен стандарттарына сүйенеді. Толығырақ Ережеге 2-қосымшада.